Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-29 мамыр күндері Астанаға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.
Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.
28 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Ал 29 мамырда президенттердің қатысуымен Жоғары Еуразиялық кеңестің отырысы ұйымдастырылады.