Танымал продюсер Баян Алагөзованың халық әртісі Меруерт Өтекешоваға қатысты бастамасы желіде қызу талқыға түсті. Бұл мәселеге журналист Абай Сейфулла да пікір білдіріп, өз көзқарасын ашық жеткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оның айтуынша, сырт көзге Алагөзованың әрекеті жомарттық әрі қамқорлық сияқты көрінгенімен, мұның астарында басқа мән болуы мүмкін. Журналист халық әртістері ешқашан назардан тыс қалып, көмексіз қалған жандар емес екенін атап өтті. Керісінше, олар мемлекет қамқорлығында, түрлі шараларда құрметке ие болып, қоғамнан лайықты бағасын алып жүргенін жеткізді.
Сейфулланың сөзінше, мұндай көмекті жария түрде көрсету — өнер иесінің абыройын арттырмайды, қайта оны әлсіз етіп көрсетуі мүмкін. Ол меценаттардың көп жағдайда көмекті үнсіз жасайтынын айтып, дабыраға салмай қолдау білдіру әлдеқайда дұрыс екенін меңзеді.
Сондай-ақ журналист, егер шынайы ниет болса, мұндай көмекті жеке түрде де көрсетуге болатынын алға тартып, қоғамдағы сыйлы тұлғаларды жеке мүдде үшін пайдаланбауға шақырды.