Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды

25 мамыр күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Мамандар тұрғындарға жол жүруді жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеруге кеңес береді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматы мен тағы бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: pixabay

Синоптиктердің мәліметінше, 25 мамырда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында ҚМЖ болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы факторларының (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.