Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың бес саяси партиясы атынан сайланған 145 депутатын тіркеді. Бұл шешім бүгін ОСК-ның барлық сайланған депутаттардың қатысуымен өткен XVI отырысында қабылданды, деп хабарлайды paryz.kz.
Мандат төмендегідей бөлінді: «Әділет» партиясы – 110 депутат; «Ауыл» партиясы – 10 депутат; Respublica партиясы – 9 депутат; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 8 депутат; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 8 депутат.
Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында депутат ретінде тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.
Отырыста баяндама жасаған ОСК Төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясы бес саяси партиядан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының 145 депутаттарын тіркеуді көздейтін қаулы жобаларын әзірлегенін хабарлады.