Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Жаңаөзенде 8 ай бұрын жоғалып кеткен әйел әлі табылмады

Жаңаөзенде 8 ай бұрын жоғалып кеткен Дина Жарылғасова әлі күнге табылмай жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жаңаөзенде 8 ай бұрын жоғалып кеткен әйел әлі табылмады
Фото: әлеуметтік желіден

"Ол өткен жылдың тамыз айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Жасы 47-де", - деп жазды басылым.

Еріктілердің айтуынша, Дина Жарылғасова былтыр 5 тамыз сағат 19.00 шамасында шығып кеткен.

"Бойы 170 см, орта денелі, үстінде қара көйлек, ұзын қызыл желеті болды. Туыстары мен еріктілер әйелді көрген немесе оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адам болса хабарласуды сұрайды", - деп жазылған ақпаратта.