Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Бет-жүзін тұмшалаған 1200-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері елімізде 1200-ге жуық адам бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бет-жүзін тұмшалаған 1200-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды
Фото: pexels

Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді кию құқық бұзушылық болып саналады.

Тек ауа райы қолайсыз жағдайларда және медициналық ұсынымдарға қатысты қолданылмайды. 

Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысу кезінде де тыйым салынбайды. Бұл ретте алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту қарастырылған.