Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемалиев қылмысын мойындады

Атырау облысындағы сотта бір отбасы мүшелерінің өліміне қатысты резонансты істі қарау жалғасып жатыр. Айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады, деп хабарлайды Paryz.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемалиев қылмысын мойындады
Фото: АқЖайық

Басылымның жазуынша, жауап алу кезінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындаған. Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірген деген айыппен келіспейтінін айтып, оның өлімі "абайсызда" болғанын, өзін қорғау үшін әрекет еткенін жеткізген. Ал басқа эпизодтар бойынша айыпталушы басқа мәлімдеме жасаған. Сәрсемалиев Мақсот Қарабаллинге тоғыз рет, Өтешқалиеваға сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ сұққанын және бұл әрекеттерін қасақана жасағанын мойындаған.

Сондай-ақ ол ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз алу баптары бойынша кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, бұл әрекеттерді қылмыстың ізін жасыру үшін жасаған.

"Осылайша, 13 баптың ішінде Сәрсемалиев тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты қасақана емес, "абайсызда" болғанын ғана мойындап отыр", - деп жазады басылым.