Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтетіні туралы ақпарат мәжілістің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.