Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Израиль президенті Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Исаак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Израиль президенті Тоқаевты референдумның табысты өтуімен құттықтады
Ақорда

Герцог Қазақстан президентін референдумның сәтті өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.

"Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады", - делінген хабарламада. 

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.

Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды. Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады.

Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ.