Парламент палаталары "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заңды қарауға жиналады.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Заңда Алатау қаласында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктерін айқындау, цифрлық активтердің айналымын реттеу, электронды ұшқыш аппараттарды дамыту, салық салудың ерекше режимін қолдану сияқты шаралар қарастырылған.
"Қазіргі уақытта Конституциялық заң жобасы Парламенттің қарауында. Ағымдағы жылы 20 наурызда заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен отырысының бірінші оқылымын, ал 27 наурызда екіншіші оқылымын өткізу жоспарланып отыр", - деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал премьер-министр Олжас Бектенов бұл заңды наурыздың соңына дейін президенттің қол қоюына жуберуді тапсырды.
Айта кетері, отырыста заңнаманы жаңа Конституцияға сай келтіру мәселесі қаралды. Осыған байланысты премьер-министр бірқатар тапсырма берді.