«Ел Дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі, белгілі блогер Аида Жексенова қор бақылаушылары таңнан бастап еліміздегі сайлау учаскелерінде тіркеліп жатқан сайлаушылардың жоғары белсенділік танытып жатқанын хабарлады, деп жазады Paryz.kz.
Оның айтуынша, көптеген өңірлерде азаматтар учаскелер ашылмай тұрып-ақ жинала бастаған, ал дауыс беруге келгендердің легі тұрақты түрде жалғасып отыр. Келушілердің арасында аға буын өкілдері, студенттер мен жастар көп. «Біз азаматтардың дауыс беруге қатысуға деген шынайы қызығушылығын көріп отырмыз. Таңертеңнен бастап учаскелерге келушілер көп, ал біздің бақылаушылар жергілікті жерде болып жатқан үдерістерді тіркеп жатыр», деп атап өтті ол. Сондай-ақ Жексенова команда мүшелеріне ұзақ әрі жауапты жұмысқа дайын болғандары үшін алғысын білдіріп, тәуелсіз бақылаудың негізгі қағидаттарын еске салды. Оның айтуынша, бүгін «Ел Дауысы» қорының бақылаушылары Қазақстанның 32 қаласында жұмыс істеп жатыр.