Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен 9926 қазақстандық елге қайтарылды. Ираннан 69, Израильден 68 азамат эвакуацияланды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9926 қазақстандық елге қайтарылды.
«Ираннан Түрікменстан шекарасы арқылы жерүсті бағытымен үш Қазақстан Республикасының азаматы шығарылды. Эвакуация басталғалы бері Ираннан елге 69 Қазақстан азаматы қайтарылды», - делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар 68 ҚР азаматы Израильден эвакуацияланды. Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыс орнатып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетуде.