«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді:
Шығыс Қазақстан облысы
• KAZ-08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194-1212-шақырымы (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы аралығы). Қозғалыс 2026 жылғы 13 наурыз сағат 08:00-де ашылады деп болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Қостанай – Мамлютка» автожолы, 226-406-шақырым (Қостанай облысының шекарасы – Мамлютка қаласы); • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 346-407-шақырым (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Қостанай облысы
• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолы, 234-385-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Денисовка кенті).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.