Щучинскідегі дәмханадағы жарылыстан кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қоғамдық тамақтану нысандарын тексеруді күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сенаттың кулуарында мәлімдеді.
Оның айтуынша, болған оқиғаның себептерін зерделеу және алдағы шараларды айқындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.
Мемлекеттік органдар мен салалық мамандардан құралған жұмыс тобы құрылды. Қазір осы топ тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша бұл бағыттағы бақылауды күшейтуге қатысты нақты шаралар қабылданады, – деді Кеген Тұрсынбаев.