Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Түркістан облысында 3 жасар бала дәретханаға түсіп кеткен

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар баланы даладағы әжетхананың түбінен алып шықты, деп хабарлайды paryz.kz.

Түркістан облысында 3 жасар бала дәретханаға түсіп кеткен
ТЖМ

112 пультіне Түркістан облысының Ақниет ауылында 2023 жылғы бала жеке үйдің ауласындағы әжетханасына құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Бүлдіршін өздігінен шыға алмаған. Оқиға орнына бірден ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары жіберілді. Құтқарушылар баланы шығарып алып, оны 103 қызметінің мамандарына тапсырды, – деп жазылған хабарламада.

ТЖМ ата-аналарға үндеу жасап, балаларды қысқа уақытқа болса да, қараусыз қалдырмауға шақырды.