Астана – Петропавл тас жолында қайғылы жағдай болды. Екі жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды paryz.kz Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 наурызда болған:
Астана – Петропавл тас жолының Астраханка және Чапаево ауылдарының аралығында MAN маркалы екі жүк көлігі соқтығысқан;
Салдары: Жүк көліктерінің бірін тізгіндеген 32 жастағы азамат алған жарақаттарынан мерт болды.
Қазіргі уақытта полиция аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мамандар апаттың себептерін анықтап жатыр.