Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті

Төтенше жағдайлар министрлігі елдің бірнеше облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті.

ТЖМ бірнеше облыста қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертті
Фото: sputnik.kz

"Қазселденқорғау" таулы аймақтарындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерді тұрақты түрде бақылап, тексеріп отырады, дейді министрлікте.

2025–2026 жылдарғы қар көшкіні қауіпті кезеңі басталғалы бері Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 61 рет қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында 79 рет қар көшкінін алдын ала түсіру жұмысы жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.