Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Педагогтердің қанша проценті әйел екені белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім беру саласында қанша әйел жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Педагогтердің қанша проценті әйел екені белгілі болды
Фото: sputnik.kz

Қазақстанның білім беру саласында 492 938 педагог-әйел жұмыс істейді. Яғни педагогтердің 81,9% - әйелдер.

Олардың ішінде: 101 789 - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;

342 352 - орта білім беру ұйымдарында;

2 382 - түзету-білім беру ұйымдарында;

13 239 - қосымша білім беру ұйымдарында; 

29 117 - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;

4 059 - арнайы білім беру ұйымдарында еңбек етеді.