Ақмола облысының Щучье қаласында сегіз адамның өмірін қиған жарылыстан кейін дәмхананың иесі екі айға қамалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады. Щучье қаласындағы «Плов орталығы» кафеcінде болған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2026 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты «Плов орталығы» кафеcінің иесіне екі айға қамауға алу санкциясын берді.