Атырау облысында жұмбақ жағдайда қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ісіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Жақын арада екі күдікті Индонезия мемлекетінен Қазақстанға жеткізіледі. Сол жұмысты біз белсенді түрде атқарып жатырмыз. Осы айда алып келеміз. Қосымша ақпарат беріледі, - деді жауап берші ІІМ орынбасары Сенаттың кулуарында.
Сондай-ақ ол отбасының хабар-ошарсыз кеткен екі баласы – 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиевке қатысты да айтты. Іздеуде жүрген екі тұлғаға қатысты тиісті шаралар жүргізілуде. Арнайы тергеу тобы құрылды, - деді Санжар Әділов.
Екі айдан бері табылмай жатқан ағайындылардың әлі табылмауын вице-министр әртүрлі кешенді іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанымен түсіндірді.