Таяу Шығыс елдерінен тағы 314 адам Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР КМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған Paryz.kz.
Ведомствоның мәліметінше, SCAT әуекомпаниясы Boeing 767 ұшағымен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындаған. Нәтижесінде Қазақстанға 314 адам оралған, оның ішінде балалар да бар.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуекомпанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.