Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Таяу Шығыс елдерінен келген ұшақтар Қазақстан әуежайларына қонды

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Таяу Шығыс елдерінен келген ұшақтар Қазақстан әуежайларына қонды
Фото: pixabay

Көлік министрлігің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындадыKC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды; KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам; KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам; KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды. 

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар. Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.