Қазақстан азаматтары Иран аумағынан жер жолдар арқылы шығарылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты.
— Иранның әуе кеңістігі жабық. Сондықтан азматтарымыз жер жолмен Армения, Әзербайжан, Түрікменстан арқылы ғана шыға алады. Сыртқы істер министрі әріптестерімен телефон арқылы келіссөз жүргізді. Кеше Иранның солтүстігіндегі Горган қаласында болған шамамен 17 адамды Түрікменстан аумағы арқылы шығара алдық. Шекарадағы ең жақын түйісу нүктесі Түрікменстанмен болды. Сондықтан Түрікменстан билігі рұқсат беріп, азаматтарымыз дін аман шекараны кесіп өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанға қарай жолға шықты, — деді Әлібек Бақаев.