Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды paryz.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады
Фото: Baq.kz.

Жарлықта цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай енгізу мақсатында 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланатыны көрсетілген. Сондай-ақ Үкіметке аталған жылды өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Құжатқа сәйкес, Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа жылдық құттықтауында 2026 жылды цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға арнау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.

Ресми органдардың мәліметінше, бастама озық технологияларды жедел енгізуге және түрлі салалардағы цифрлық трансформацияны күшейтуге бағытталған.