Қарағандыда төрт жастағы бала пәтер терезесінен құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды paryz.kz.
12 сәуір күні Қарағанды қаласының Гүлдер-1 шағын ауданында қайғылы жағдай болды.
Тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2022 жылы туған бала құлап кеткен.
«Бала ата-анасымен бірге елорда – Астана қаласынан қонаққа келген. Ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған сәтте, қараусыз қалған бала терезеден құлап кеткен. Бала ауыр жағдайда, көптеген жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.