Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Тоқаев Бішкекке жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев Бішкекке жұмыс сапарымен барды
Ақорда

Қазақстан президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Қазақстан президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.