Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Семейде студент қыз зейнеткер әкесін сотқа беріп, жеңіп шықты

Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты кәмелет жасына толған, бірақ, жоғары оқу орнының ақылы бөлімінде білім алатын студент қыздың әкесіне деген арызын қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды paryz.kz.

Семейде студент қыз зейнеткер әкесін сотқа беріп, жеңіп шықты
Фото: istockphoto

Сот материалдарына сүйенсек, кәмелетке толған қыз зейнеткердің туған қызы. Қазір университеттің ақылы бөлімінде білім алып жатқан ол әкесінен ай сайын 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 64 875 теңге көлемінде алимент талап еткен.

«Зейнеткер ай сайын зейнетақы алады. Бұл қызынан басқа, ол кәмелетке толмаған тағы бес баласына алимент төлейді. Ол сотта талапты ішінара мойындап, алимент мөлшерін ай сайын 3 АЕК көлемінде белгілеуді сұрады, өзінің ауыр материалдық жағдайын және алименттік жүктеменің елеулі екенін көрсетті», - деп хабарлайды Абай соттары.

Сот кәмелетке толмаған балаларынан бөлек, егер талап арыз түссе, ата-анан күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын жиырма бір жасқа толмаған балаларына да алимент төлейді.

«Осы іс бойынша сот зейнеткерді кәмелет жасына толған қызына ай сайын 6 АЕК мөлшерінде алимент төлеуге міндеттеді. Ол қызы 21 жасқа толғанша алимент төлеуге міндетті», - деп хабарлайды Абай соттары.