Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозға соғылып, пойыздар кешікті

"Қызылсай-Шымкент" өткелінде HOWO жүк көлігі маневрлік тепловозмен соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы.

Теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозға соғылып, пойыздар кешікті
Фото: ҚТЖ

Оқиға 8 тамыз күні сағат 04:30-да Қызылсай-Шымкент учаскесіндегі күзетілетін теміржол өткелінде болып, пойыздар қозғалысының кестесіне әсер етті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, келе жатқан пойыздың алдынан өткелге шығып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Апат үш жолаушылар пойызының қозғалысын уақытша тоқтатты. Сағат 07:18-де учаскедегі қозғалыс толығымен қалпына келтірілді.