Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаевқа үкім шығарылды – оған және делдалға 12 млн теңгеден айыппұл салынды, деп хабарлайды paryz.kz "Время" газетіне сілтеме жасап.
Іс материалдарына сәйкес, былтыр Хромтауда әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жүргізілген. Екі көшеде балаларға арналған ойын алаңдарын салу бойынша жеке кәсіпкермен келісімшарт жасалған.
Әкімдік бұл жобаға 27 млн теңге бөлген. Кәсіпкер нысанды бірінші реттен әкімдікке өткізе алмаған. Тапсырыс беруші кемшіліктерді тауып, түзетуді талап еткен, бірақ жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін де ешкім жеке кәсіпкермен есеп айырысуға асықпаған.
Тергеу барысында және сотта анықталғандай, Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев кемшіліктерді түзету кезінде делдал тапқаны, сондай-ақ делдал кәсіпкерге "ақша бермесе, нысан қабылданбайтынын" айтқан. Әкім 400 000 теңге сұраған. Делдал жалпы 1,1 млн теңге талап еткен.
Тараптар келісімге келіп, кәсіпкер ақшаның бір бөлігін көрсетілген шотқа аударғаннан кейін жедел қызметкерлер іске араласты.
Қысқартылған форматта өткен сот отырысында Сағындық Шабықбаев та, оның "келіссөз жүргізушісі" де тағылған айыппен келісіп, бәрін мойындады. Нәтижесінде әкім мен делдалға 12 млн теңгеден айыппұл салынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.