Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Әлеуметтік желілерде "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесі" деген ақпарат тарап жатыр, онда патриоттыққа қарсы риториканы тарататын, "Бессмертный полк" акциясына бойкот жариялауға шақыратын немесе қоғамды жікке бөлуге бағытталған өзге де әрекеттерді жасайтын тұлғалар туралы ақпарат жинау үшін Telegram бот құрылғаны туралы айтылған, - деп жазылған хабарламада.
ҰҚК аталған "мәлімдеме" жалған екенін, ондағы мәліметтер шындыққа жанаспайтынын атап өтті.
ҰҚК-нің ресми ақпараттары тек "knb.gov.kz" сайты, "knbgov_kz" Telegram-арнасы және "knbgovkz" Instagram парақшасы арқылы жарияланады.
Ведомство тек ресми дереккөздерге сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.