Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Жамбыл облысының ҰҚК шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: ҰҚК

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Айша-бибі" өткізу пунктінде қылмыстық жүк табылған.

Техникалық құралдардың көмегімен көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды. Олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы болған.

"Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды. Оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг", - дейді шекара қызметі.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.