Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Астана банкінің бұрынғы акционері Олжас Тоқтаровқа сырттай сот үкімі шықты

 «Астана банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаров 10 жылға бас бостандығынан айырылды және одан 14 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

Астана банкінің бұрынғы акционері Олжас Тоқтаровқа сырттай сот үкімі шықты
Фото: Андрей Лунин

Оның айтуынша, биылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қылмыстық істері шеңберінде мемлекетке келтірілген залалды өтей отырып, бірқатар сот шешімі өтті.

Оның ішінде биылғы 22 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астана банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне және қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімі жарияланды. 

– Сот «Астана банкі» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және мажоритарлық акционері Тоқтаровқа агенттік қызмет көрсету және банкроттыққа дейінгі кезеңге Алматы қаласындағы бизнес-орталық бақылауындағы компанияларының пайдасына заңсыз иеліктен шығару түріндегі банк қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Тоқтаров жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын тұрғын үй, әкімшілік және өндірістік нысандар, құрылыстар, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, − деді Д. Бигайдаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен брифингіде.

Сондай-ақ оның қарамағындағы Астана банкі АҚ филиал бөлімінің бұрынғы басшылары мен менеджерлері кінәлі деп танылды. Қылмыстық қудалу органдарымен және сотпен ынтымақтастықты, кінәні мойындауды және құқыққа қайшы әрекеттерді ашуға жәрдемдесуді ескере отырып, сот оларға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындады.