Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуді ұсынды
фото: видеодан скриншот

Бұл туралы Украина басшысы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.

Зеленский жүргізушінің Ресей басшысымен кездесуі мүмкіндігі туралы сұрағына келіссөзге ашық екенін айтып, мұндай кездесу өткізуге болатын бірнеше елді атады.

- Біздің командалар Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар және Аустрия мен Швейцария сияқты бейтарап Еуропа елдерінде кездесулер өткізуді ұсынды. Біз: «Егер қаласаңыз, біз мұны Қазақстанда жасай аламыз, біз дайынбыз» дедік, - деді Зеленский сұхбатында.