Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

13 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылады

13 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды paryz.kz.

13 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылады
Фото: istockphoto

Синоптиктер тұман, көктайғақ және екпінді жел туралы ескерту жариялады. Әсіресе Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыстарда желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанып отыр. Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Алматы, Қонаев, Орал, Өскемен, Қызылорда, Шымкент және Түркістан қалаларында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда сақ болуға, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.