Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампқа хат жолдады, деп хабарлайды paryz.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қарашада Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады.
Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды.