Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Болгария президентін салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Румен Радев Қазақстанға ресми сапармен келіп отыр. Ақордада екі елдің президенттері алдымен шағын құрамда кездеседі. Одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөз өтеді. Соның нәтижесінде бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.