Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Президенті Әкімшілігінің басшысы ауысты

Айбек Дәдебаев Президент Әкімшілігінің басшысы болды, деп хабарлайды Ақорда. 

Президенті Әкімшілігінің басшысы ауысты
Фото: Baq.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған. 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.

2001-2002 жылдары – Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы;

2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы;

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева;

2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі;

2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары;

2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы.

ІІ класты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.