Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақмола облысында науқас аурухана терезесінен секіріп кетті

Ақмола облысындағы Аршалы аудандық ауруханасында төтенше жағдай болды. 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні науқастардың бірі үшінші қабаттың терезесінен секіріп, қаза тапты. Ол  52 жастағы Теміртау тұрғыны болған және психиатрдың есебінде тұрған, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақмола облысында науқас аурухана терезесінен секіріп кетті
фото: baq.kz

Медициналық мекеме әкімшілігінің мәліметінше, 1973 жылы туған ер адам Теміртау қаласының тұрғыны болған. Ол 3 қараша күні

«Қарағанды – Қостанай» пойызынан шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған «транзиторлық ишемиялық шабуыл» (ми қан айналымының уақытша бұзылысы) диагнозын қойған. Аудандық полиция бөлімінің дерегінше, науқас бұрын психиатрдың есебінде тұрған.

Оның психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары алкогольдік тәуелділікпен байланысты болған. 5 қараша күні кешкісін ол палата терезесінің әйнегін сындырып, сыртқа секіріп кеткен. 

Ер адам әртүрлі жарақаттармен жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барлық шараны қолданғанымен, науқас ауыр жарақат пен жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінен көз жұмды.