Астанада 2 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Сарыарқа ауданында болған.
Ведомство өкілдері москит торлары құлаудан қорғамайтынын ескертіп, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға әрі балаларға ересек адамның бақылауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеуге шақырады.