Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы жұбайы, қоғам қайраткері Сара Алпысқызы Назарбаева (Конакаева) ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы отбасыға жақын дереккөздерге сілтеме жасаған ақпарат құралдары хабарлады ,деп жазады Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайын жеңілдетуге қауқарсыз.
Сара Алпысқызының денсаулығы айтарлықтай нашарлаған, ол өмірінің соңғы кезеңін бастан өткеріп жатыр.
Айта кетейік, Сара Алпысқызы өмірінің соңына қарай «Назарбаева» емес, өз тегіне – «Конакаева» деген фамилияға қайта оралды. Сара Конакаеваның есімі көпшілікке қоғамдық қорлар арқылы белгілі. Ол – «Бөбек» және «SOS – балалар ауылдары Қазақстан» қорларының негізін қалаған. Алайда, ол көп жағдайда елбасының қасында ел алдына шықпайтын. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі өз естелігінде жазған.
Ол: «Сүйіспеншілікке бұйрық жүрмейді»,– деп жұбайы емес, басқа әйелге көңілі түскенін ашық айтқан.
Соның салдарынан Сара Алпысқызы бірінші ханым ретіндегі рөлін толық атқара алмады. Мәселен, 2015 жылы Лондонда Елизавета патшайыммен өткен кездесуге Назарбаев жұбайымен емес, үлкен қызы Дариға Назарбаевамен барған болатын.