Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Атыраудағы ҚТЖ филиалының директоры ұсталды

Атырауда «ҚТЖ ҰК» АҚ – «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Елеубай Сапаров ұсталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Атыраудағы ҚТЖ филиалының директоры ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Филиалдың бұрынғы басшысы қызметтік жағдайын пайдаланып, алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы кәсіпкердің 1,5 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінген. Бұл туралы Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.

Антикор Елеубай Сапаровтың нақты қандай бап бойынша және қашан ұсталғаны туралы хабарлаған жоқ. Бірақ ол алаяқтық жасағанын және 22 қыркүйекте оған қатысты Атырау тергеу соты «қамауда ұстау» шарасын таңдағанын атап өтті.

«Бізде ҚТЖ қызметінде бірқатар проблемалар бар. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды», - деді Антикор басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин.