Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Қазақстан дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады

Швейцарияның Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды, деп хабарлайды ҰОК.

Қазақстан дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
Фото: ҰОК

Ұлттық құрама қоржынына жалғыз медальді Абылайхан Жұбаназар салды. Ол 81 келіге дейінгі салмақтың финалында өзбекстандық Арслонбек Тожиевті жеңіп, алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті. Дегенмен өзбекстандық Самариддин Кучкаровтан жеңілді. Ақылжан Жұбатқанов 66 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Чанён Кимге жол берді.

Әйелдер арасында Аида Тойшыбекова 78 келіден жоғары салмақтың жұбаныш белдесуінде Венесуэла өкілі Карен Леоннан жеңілді. Ал Дана Әбдірова (57 келіге дейін), Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін), Ажар Асхат (70 келіге дейін), Бақытжан Абдурахманов (73 келіге дейін), Аңсарбек Ғайнуллин (73 келіге дейін), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін), Айдар Арапов (90 келіге дейін), Марат Байқамуров (100 келіге дейін), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) жарысты алғашқы кезеңдерде аяқтады.