Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Қайрат Нұртас сахнадағы 20 жылдығына орай «KN STADIUM BUS TOUR» республикалық стадиондық турнесін бастады. Турдың Алматыдағы Орталық стадионда өткен алғашқы мега-концертіне 40 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Әр ана үшін баласының жетістігі – үлкен жеңіс»: Қайрат Нұртастың анасы Алматыдағы концертте көзіне жас алды
Фото: видеодан скриншот

Кеш барысында көрермендер әншінің көпшілікке танымал хиттерін бірге орындап, өнер иесіне қолдау көрсетті. Концертке келгендердің қарасы қалың болып, Орталық стадион лық толды.

Концерттің әсерлі сәттерінің бірі – Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекованың сахнаға шығуы болды. Оның айтуынша, бұл сәт бастапқы сценарийде болмаған. Алайда ұйымдастырушылардың өтінішімен сахнаға шыққан ол көрермендердің ықыласына толқып, көзіне жас алған.

Гүлзира Айдарбекова 20 жыл бұрын Қайрат Нұртастың ауыл-аймақтарда 40-50 адамдық аудитория алдында өнер көрсетуден бастағанын еске алып, бүгінде оның 40 мыңнан астам көрермен сыятын стадионда концерт өткізіп отырғанын атап өтті.

Әншінің мерейтойлық турнесі республикалық деңгейде жалғасады.