Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

«Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, ата-анасына елордадан су жаңа пәтер кілтін табыстағанын хабарлады, деп жазады Paryz.kz.

«Ұзақ күткен күнге жеттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына тосынсый жасады
Фото: Инстаграм желісінен

Өнер иесінің айтуынша, бұл оның айлар бойы дайындалған, ұзақ күткен жобаларының бірі болған. Актриса жаңа баспананың жөндеу жұмыстары мен жабдықталуын толықтай өзі қадағалап, ата-анасына ерекше тосынсый дайындаған.

«Аллаға сансыз шүкір! Ұзақ күткен, айлар бойы дайындалған күнге жеттім. Ата-анама деп дайындаған пәтерді табыстау бақыты бұйырды. Өздерің барда мен баламын. Қандай сый, құрмет көрсетсем де, перзенттік парызым өтелмесін білемін», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жазба астында оқырмандар мен өнердегі әріптестері актрисаның бұл әрекетіне сүйсініп, ақ тілектері мен құттықтауларын жаудыруда.