Прямая трансляция

Астана

Астана

34.04°C

«Ол жерде сәбиінен айырылған аналар да бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдындағы даңғаза қарсы алуға қарсы шықты

Танымал әнші Жазира Байырбекова перзентхана алдында сәбиді даңғазамен қарсы алу дәстүріне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Ол жерде сәбиінен айырылған аналар да бар»: Жазира Байырбекова перзентхана алдындағы даңғаза қарсы алуға қарсы шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында перзентхана аумағында музыканттар мен аниматорларды шақырып, жаңа туған сәбиді сән-салтанатпен қарсы алуды құптамайтынын айтты.

Әншінің сөзінше, перзентхана – бір отбасы үшін қуаныштың, енді біреуі үшін орны толмас қайғының мекені. Сондықтан мұндай жерде айналадағы өзге аналардың көңіл күйі мен жағдайын ескерген жөн.

«Қуанышты ешкім шектемейді. Бірақ оны үй жағдайында, жақындардың ортасында немесе сәби қырқынан шыққаннан кейін атап өткен әлдеқайда жарасымды», – деді ол. 

Сонымен қатар Жазира Байырбекова перзентхана басшылығына үндеу жасап, медициналық мекеме аумағында той-думан ұйымдастыруға шектеу енгізуді ұсынды.

Әнші перзентханада сәбиінен айырылып жатқан немесе қиын жағдайды бастан өткеріп жатқан аналар болуы мүмкін екенін айтып, мұндай сәтте олардың жан күйін де ескерудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ ол сәбидің дүниеге келу қуанышын кейінірек, үйде атап өтуге болатынын айтып, мысал ретінде Сәкен Майғазиевтің отбасын келтірді.