Прямая трансляция

Астана

Астана

31.74°C

«Шақырту алған жоқпын»: Айгүл Иманбаеваның ұлы қарындасының ұзату тойына неге қатыспағанын түсіндірді

Әнші Алтынай Жорабаеваның тұңғыш қызының ұзату тойына актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжанның қатыспауы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Шақырту алған жоқпын»: Айгүл Иманбаеваның ұлы қарындасының ұзату тойына неге қатыспағанын түсіндірді
Фото: әлеуметтік желіден

Instagram парақшасында оқырмандарымен пікір алмасқан Асылжан өткен жылы Алтынай Жорабаеваның екінші қызы Айнараның өз үйлену тойына арнайы келіп, ақ тілегін білдіргенін еске алды.

«2024 жылы Айнара тойыма келіп, мені құттықтап кетті. Тойымыз Астанада ең жақын 30 шақты туыстың ортасында өтті. Оны Instagram-да жарияламадық. Айнара – өте парасатты, ақылды қыз. Оның қуанышына шын жүректен ортақпын», – деді ол.

Сондай-ақ Асылжан тұңғыш қыздың ұзату тойына шақырту алмағанын жасырмай, мұның себебін түсінетінін айтты.

«Тойға шақырту алған жоқпын. Оның себебін толық түсінемін. Ренішім жоқ, ешкімді кінәламаймын. Балаларды бір-біріне жақындататын – қан байланысы емес, үлкендердің өзара қарым-қатынасы», – деп жазды Асылжан.