«Өнер қырандары» театрының актерлері Мәдияр Серікбаев пен жары Дананың отбасында ерекше қуаныш болды. Ерлі-зайыптылардың тұңғыш қызы Алуа Құран Кәрімді толық жаттап, хафиза атанды, деп хабарлайды paryz.kz.
Осы қуанышты сәтте Мәдияр Серікбаев қызына Алматы қаласынан пентхаус сыйға тартты. Салтанатты рәсімде оған баспана сертификаты табысталды.
Желі қолданушылары жас хафизаны құттықтап, оның жетістігін ұзақ жылғы еңбектің, сабыр мен дұрыс тәрбиенің жемісі деп бағалап жатыр.
Сондай-ақ көпшілік Алуаның алған іліміне амал етіп, Құранды өмірлік серік етуіне тілектестік білдірді.