Прямая трансляция

Астана

Астана

27.74°C

Аша Матай: «Ер адамдармен сөз таластыруға тәрбием жібермейді»

Әнші Аша Матай өзін пікірсайысқа шақырған заңгер Мейірман Шекеевтің ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

Аша Матай: «Ер адамдармен сөз таластыруға тәрбием жібермейді»
Фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, ер азаматтармен, әсіресе өзінен үлкен адамдармен сөз таластыруды жөн санамайтынын жеткізді.

«Анамның тәрбиесі бойынша жеке мүддем үшін ер адаммен, оның үстіне ел ағасы жасындағы азаматпен пікірталасқа түсуге болмайды деп есептеймін. Өз ойымды дәлелдеу үшін дауласатын адам емеспін. Ал ел игілігі үшін бірлесіп еңбек етуге әрқашан дайынмын. Тырнақ астынан кір іздемей, бірге жұмыс істейікші, ағалар. Көпшілік мені сахнадан таниды. Маған бұйырған өнер жолына ризамын. Өнер халықтың мұң-мұқтажын көріп, олардың қиындықтарын сезіне білуге үйретті. Сондықтан мен Халық партиясының қатарындамын», – деді Аша Матай.

Еске салайық, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев әншіні ашық пікірсайысқа шақырып, «қажет болса, партиясымен бірге келсін» деп мәлімдеген болатын.