Прямая трансляция

Астана

Астана

27.74°C

«Мумина махаббатпен айналысады»: Жігер Ауыпбаев қатаң сынға ұшырады

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев жұбайы Муминамен бірге әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізіп, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Мумина махаббатпен айналысады»: Жігер Ауыпбаев қатаң сынға ұшырады
Фото: әлеуметтік желіден

Эфир барысында желі қолданушыларының бірі «Мумина немен айналысады?» деген сауал қойған. Бұған әнші әзіл-қалжың аралас:

«Мумина махаббатпен айналысады», – деп жауап берді.

Алайда өнер иесінің бұл жауабы әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбір оқырмандар әншінің сөзін сынға алып, пікір қалдырған. Пікірлер арасында: «Екеуі де біртүрлі», «Сондай болып тұр ғой», «Біз шаршадық, Жігер», «Қуады екен» деген жазбалар кездеседі.