Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде қызының ұзатуына байланысты жаңа құдалары әкелген сый-сияпаттарды көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды paryz.kz.
Өнер иесі жариялаған видеода құдалардың тарту-таралғысы мен қалыңмал ретінде 15 миллион теңге табыстаған.
Жазбасында әнші жаңа құдаларына ризашылығын білдіріп, ақ тілегін жеткізді.
«Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір сыйына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!» – деп жазды Алтынай Жорабаева.